Мәзір

ШҚО фермерлері 2024 жылы қандай жобаларды іске асырады?

16.01.2024
ШҚО фермерлері 2024 жылы қандай жобаларды іске асырады?

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жоғары өнімділігімен және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Биыл облыста 11 жобаны іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды World of NAN.

Құны 17,5 миллиард теңгені құрайтын ең қымбат жоба Өскемен қаласында іске қосылады. «ALTAI MAI» ЖШС жылдық қуаттылығы 50 мың тонна майлы дақылдарды өңдеу жобасын жолға қоюды жоспарлап отыр.

Самарское ауылында «Мәмбет» шаруа қожалығы жемді түйіршіктеу цехын ашады. Қуаттылығы - жылына 500 тонна, инвестиция көлемі - 120 млн теңге.

Зевакино ауылында «NurAgroRain» ЖШС шаруасы 950 гектар алқапқа суару жұмыстарын жүргізеді. Бұл мақсатты іске асыруға 2,5 миллиард теңгеден астам инвестиция салынады.

«Агрокомплекс Донское» ЖШС Ұлан ауданында 500 млн теңгеге көкөніс дақылдарының жылыжай шаруашылығын құруды жоспарлап отыр.

Зайсан ауданында «QABYL-AGRO» ЖШС 120 млн теңгеге ұлттық азық-түлік өнімдерін шығаруды жолға қояды.

«Багратион ВАВ» ЖШС сыйымдылығы 6000 тонна астық сақтау қоймасын пайдалануға береді. Жобаны Ұлан ауданында іске қосып, 155 миллион теңгеге іске асыру жоспарланып отыр.

Күршім ауданында «Ұлан» шаруа қожалығы 260 гектар алқапқа суару жұмыстарын жүргізеді, бұл үшін 54 миллион теңге инвестиция қажет.

Сондай-ақ облыста жалпы қуаттылығы жылына 31 мың тонна болатын сүтті бағыттағы төрт мал шаруашылығы жобасы іске қосылмақ.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии