Мәзір

Картоп өсірушілер $31 млн-ның өнімін сатып, рекорд орнатты

17.07.2024
Картоп өсірушілер $31 млн-ның өнімін сатып, рекорд орнатты

Қаңтар-мамыр айларында қазақстандық жеткізушілер шетелге 31,7 миллион долларға картоп сатты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есе көп. Бұл жөнінде World of NAN порталы DATA HUB-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Биылғы жылғы көрсеткіш осы кезеңдегі кем дегенде онжылдықтағы ең жоғары болып табылады.

Салмағы жағынан да бұл 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып шықты: 2023 жылғы 108 мың тоннаға қарсы биылғы жылдың 5 айында 294 мың тонна. Сәйкесінше, картоп тұқымының экспорты есебінен орташа баға өсті. Бұл жолы шаруалар өнімді бір тоннасын орташа есеппен 644 долларға сатты, бұл бір жыл бұрынғыдан жеті есе қымбат.

Негізгі сатып алушылар – Түркіменстан мен Өзбекстан. Бүкіл экспорт осы екі елге кеткен.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии