Президент Тоқаевтың Қатарға сапары аясында мемлекеттер арасында ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестік туралы бірқатар келісімге қол қойылды. Бұл жөнінде World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қатарлық инвесторлар Қазақстанда өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге инвестиция салуға ниетті: қатарлық Hassad Food, түріктің Tiryaki компаниясы және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі арасында Ақмола облысында зауыт салу туралы келісімге қол қойылды. Астық пен бұршақты терең өңдеумен айналысатын бұл жобаның құны 200 миллион долларға бағаланған.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын, құрылыс пен инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамыту мақсатында Dinara Group Holding пен Qatar National Enterprises арасында Стратегиялық инвестициялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан мен Орталық Азияның аграрлық секторын дамыту үшін бірлескен тікелей инвестициялар қорын құру жоспарланып отыр.
Қол қойылған Келісім шеңберінде Dinara Group Holding қолданыстағы сүт, ет және өсімдік шаруашылығы өндірісін кеңейтуді, жеке асыл тұқымды мал базасын дамытуды және қосымша сүт фермаларын салуды, сүт өңдеу және ірімшік өндіретін зауыт салуды, сонымен қатар дайын өнімді Қытай және Таяу Шығыс елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі шамамен 300 миллион АҚШ долларын құрайтын болады, бұл Қатардан келген серіктестер тарапынан жоғары сенім деңгейін көрсетеді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение