«Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары жеңілдетілген лизингке арналған қаржының игерілмеуі туралы сұрақтар қойды, деп хабарлайды World of NAN.
2023 жылы ауылшаруашылық техникасының лизингі бағдарламасына бөлінген 20 миллиард теңгенің 43,5 пайызын ғана «Қазагрофинанс» игеріп, 11,3 миллиард теңге өз есебінде қалған. Жабдықтарды жаңарту мәселесі фермерлердің барлығы үшін өте өзекті әрі көпшілігі өз паркін жаңартқысы келгеніне қарамастан қаршы игерілмепті. Неге екені белгісіз, ақша керексіз зат сияқты жатыр.
Бұған не себеп болуы мүмкін? Депутаттарға игерілмеу себебін фермерлердің төлем қабілетсіздігінен деп түсіндірді. Яғни бүкіл Қазақстанда 20 миллиард теңгеге техника сатып алатын шаруа жоқ па? Бұл күлкілі емес пе?
Бірақ түпкі себеп басқада болуы мүмкін. Жеңілдікті лизинг бағдарламасы тек «отандық өндіріске» тиесілі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды көздейді. Бәлкім фермерлерде техника жеткіліксіз болған шығар? Әлде олардың бұл жабдықты сатып алуға ниеті жоқ па?
Мемлекет өз қолымен шаруаларды таңдау құқығынан айырды және нәтижесі көрініп тұр. Мұндай тәсілмен Қазақстан ешқашан ауыл шаруашылығы техникасын жылына 8-10% жаңарту деңгейіне жете алмайды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение