Мәзір

Қазақстан Әзірбайжанға ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын арттыруға дайын

14.03.2024
Қазақстан Әзірбайжанға ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын арттыруға дайын

Мемлекет басшысының Әзірбайжанға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сол елдің АШМ басшысы Меджнун Гадир оглы Мамедовпен кездесті. Бұл туралы World of NAN министрлікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің екіжақты саудасының көлемі шамамен екі есеге қысқарып, шамамен 75 миллион АҚШ долларын құрады. Дегенмен, биылдың өзінде Қазақстанның Әзірбайжанға экспортының құрылымында ірі қара мал, ет, құс қосалқы өнімдері секілді жаңа тауарлық позициялар пайда болды. Сонымен қатар, қос елауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүдделі тізімдерін алмасып үлгерді. Сондықтан екі мемлекет арасындағы экспорт/импорт тауарларының санын арттыру жұмыстары жалғасады.

Сонымен қатар, министр екі жақты тәртіпте ветеринарлық шектеулерді алып тастау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын айта кетті. Нәтижесінде 2023 жылдың ақпан айында Қазақстаннан Әзербайжанға асыл тұқымды және союға арналған ірі қара және ұсақ малды, дайын ет өнімдерін (консервілер, шұжықтар және т.б.) экспорттау мақсатында ветеринариялық сертификаттар келісілді. Өзара сауда көлемінкеңейту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт және сүт өнімдеріне, құс етіне және құс өнімдеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырады.

Айдарбек Сапаров Қазақстан Әзірбайжан нарығына күнбағыс майын, кондитерлік өнімдерді, шоколад, сары май, балмұздақ, ет және ет өнімдерін және басқа да өнімдерді жеткізуге мүдделі екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның экспорттық транзитін қосымша 75 млн доллардан астам сомаға кеңейтуге мүмкіндік береді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии