Түркістан облысында ұзындығы 152 шақырым болатын Дарбаза-Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Бұл туралы World of NAN порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жалпы, жыл басынан бері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 25,8 млн тоннаны құрады. Негізгі жүк ағыны бүгінде өткізу мүмкіндіктерін толығымен пайдаланып отырған «Сарыағаш» мемлекетаралық торап станциясы арқылы өтеді.
Жаңа т/ж желісін салу қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жүктерді жаңа тармаққа қайта бағдарлауға, «Сарыағаш» станциясының жүктемесін азайтуға және жалпы Өзбекстан бағытында экспорттық тасымалдарды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа жоба Түркістан облысының республиканың негізгі теміржол желісімен қосылуы есебінен оның дамуына ықпал ететін болады.
«Біз жүк ағыны қосымша 10-14 млн тоннаға артады деп болжап отырмыз. Ал болашақта 20-25 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Бұл учаске Ташкент торабын айналып өтіп, жүктерді екі бағытта да тезірек тасымалдайтын болады», — деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение