Мәзір

Қызылордалық шаруалар биыл күрішсіз қалуы мүмкін

02.06.2023
Қызылордалық шаруалар биыл күрішсіз қалуы мүмкін

Қызылорда облысының күріш алқаптарына су жетіспей жатыр. Жаңақорған ауданындағы сегіз ауылда су жоқ. Мамандар Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарында да су жетіспеушілігі байқалатынын айтады. Сырдария өзенінің деңгейі көтерілгенімен, егістікке су жетпеген. Бұл жайлы agroqogam.kz порталы хабарлады.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты сегіз ауылда күріш алқабын басқаратын су жоқ. Көптеген отбасы күріш арқылы табыс тауып, осында өмір сүріп келеді. Ал егістік суарылмай қалса, шаруалар банкротқа ұшырайды.

«Суармалы судың жағдайы қиын. Егіншілердің көбі каналды тазалап, суды тартуға арналған сорғылар орнатты, бірақ сонда да көмектеспе жайтар. Бәріміздің дерлік несиеміз бар, егін шықпаса қалай төлейміз? Мәселен, менің ғана 400 миллион теңге несием бар», – дейді жергілікті тұрғын Құлмағанбет Исаханов.

Биыл Сырдария өзенінің деңгейі көтерілді. Дегенмен, егістікке түсетін судың мөлшері аз. Шаруа қожалықтары дақылды егіп үлгерген, енді маусымның соңына дейін алқапты сумен толтыру керек. Әйтпесе тұқым құстарға жем болады.

«Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарында да су тапшылығы байқалады. Мәселен, Жалағаш өңірінде суды жоспарланған мөлшерде ала алмай жүрген шаруалар бар. Бұлай жалғаса берсе, күріш алқабын суару кешеуілдеп кетуі мүмкін», - дейді «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Айдос Айсанбаев.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии