Мәзір

Қазақстан Солтүстік инвестициялық банкпен келісімді ратификациялады

29.10.2019
Қазақстан Солтүстік инвестициялық банкпен келісімді ратификациялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік инвестициялық банкпен, банктың республикадағы қызметін реттейтін, негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Бұл құжат 2018 жылы 16 қазанда Хельсинкиде жасалған болатын.

Келісімде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделмеген нормалар, атап айтқанда, валюталар мен ақша аударымдарын конвертациялау, тендер өткізу, сондай-ақ Солтүстік инвестициялық банктің активтері мен кірістерін салық салудан босату туралы ережелер бекітілгені түсіндірілді. Құжатты ратификациялау үшін мүшелік жарналар және бюджеттен төленетін басқа да міндетті төлемдер талап етілмейді.

Солтүстік инвестициялық банк 1975 жылы құрылған болатын. Оған Скандинавия және Балтық елдері кіреді. Штаб пәтері Хельсинки қаласында орналасқан. Банктің жарғылық капиталы 6,14 миллиард еуроны құрайды. Осы капитал - оған мүше мемлекеттердің ақшасы. Олардың ішінде Латвия, Литва, Дания, Эстония, Исландия, Норвегия және Швеция бар. Несиелер 25 жылға дейін беріледі.

Солтүстік инвестициялық банктің стратегиясына сәйкес кредит қоржынының  20%-ға жуығы оның тұрақты мүше емес елдерге ұсынылады. 

Солтүстік инвестициялық банктің негізгі қаржыландыру бағыттары – «жасыл экономика», телекомуникация, көлік, өнеркәсіптің әртүрлі саласы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және орта бизнес салалары.         

Ақпарат көзі: https://www.kazpravda.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии