Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры (АШҚҚҚ- «КазАгро» Холдингінің еншілес кәсіпорны) мал шаруашылығын дамыту үшін берілетін несие мөлшері 30 миллион теңгеге дейін артты. Қазіргі уақытта АШҚҚҚ фермерлердің өтініштерін қарастыруды бастады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
«Биылғы жылы мал шаруашылығы саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін берілетін несие сомасы 30 миллион теңгеге дейін өсті. Ірі қара мал, қой және түйе өсіруде бөлінетін несиелер 10 жылға дейін жылдық 16% үстеме ақымен беріледі. Сонымен бірге, 10% мөлшерлемесі бойынша мемлекеттік субсидиялар қарастырылған, бұл фермерлер үшін несиелік жүктемені азайтады. Осылайша, несие алушы үшін ставка жылдық 6% құрайды», — деді баспасөз қызметі.
Несиелеу бағдарламасына бірқатар талаптарды орындаған жағдайда жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары мен фермерлер қатыса алады. Біріншіден, ірі қара мал өсірген кезде малдың жайылымдық жерлері болуы керек. Екіншіден, бордақылау орындарымен жас малды бордақылауға өткізу туралы келісім жасалуы керек.
«Бүгінде көптеген фермерлер малдың сапасын жақсарту, асыл тұқымды мал сатып алу, жасанды ұрықтандыру және асыл тұқымды өндірушілерді пайдалану бойынша жұмыс жүргізуде. Қордан қаржыландыру алуды жоспарлап отырған фермада асылдандыру жұмыстарын жасаулары керек. Мұндай қарыз алушылар үшін жеңілдіктер бар: несие қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды мал кепілінің сомасының 75%-ы қарастырылған, қарыз алушы қалған 25% -ын қолда бар мүлік есебінен төлейді», — деп атап өтті аталған қор.
Ұсақ мал өсіретін еңбеккерлерден де малға арналған жайылымдық жердің бар болуы талап етіледі. Оларда да жас малдарды ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізу туралы келісімі болуы керек.
Түйе өсіру жобалары сүт пен жүнді қайта өңдеу зауыттарына өткізулері тиіс.
Бұл жағдайда, несие берілетін болып мақұлданған кезде Қор қарыз алушының несиелік тарихын ескере отырып береді. Банктер мен қаржы институттары үшін мерзімі өткен берешек болмауы керек.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының филиалдары барлық облыс орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейді.
Ақпарат көзі: eldala.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение