Мәзір

Қазақстан Өзбекстаннан үйренгені жөн

09.04.2024
Қазақстан Өзбекстаннан үйренгені жөн

Көрші ел жастарға жер телімін бермек. Ол жер телімінде көкөніс, бақша дақылдары, жүзім, сондай-ақ дәрілік өсімдіктер мен мал азықтық дақылдар өсірілетін болады. Бұл жастардың жұмыспен қамтылуын арттырып, тұрақты табыс әкеледі, деп хабарлайды World of NAN.

Аудан әкімдіктерінің қорындағы 60 мың гектар жер телімі электронды онлайн аукционға қойылып, жастарға шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін жалға беріледі.

Онлайн электронды аукцион жеңімпаздары жер учаскесінің құнын 10 жыл ішінде пайызсыз бөліп төлеуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, «бір массив – бір өнім» қағидаты бойынша үміткерлерге 30 жылға дейін жалға алуға: суармалы егіс алқаптары; көпжылдық екпелердің жер учаскелері; азықтық дақылдарды өндіруге арналған жер учаскелері беріледі.

Өтініш берушілер жер учаскелерінде өсіретін дақылдардың түрлері мен көлеміне мониторинг «Жас фермерлер» платформасы арқылы жүзеге асырылады. Ал жер алған жастарға 7 жылға дейінгі мерзімге 100 миллион сумға дейін несие беріледі.

Қаулы аясында несиелердің орындалуына бірдей жауапкершілік алатын «махаллалық жетілік» кепілдігі негізінде несиенің барлық түрін бөлуге рұқсат етіледі.

Сондай-ақ өтініш берушілерге шағын техника, тұқым және көшет сатып алуға субсидиялар мен несиелер беріледі.

Сонымен қатар, 167 «агроорталықтың» көмегімен тұқым, көшет жеткізу, минералды тыңайтқыштар, шағын техника және агрономдармен қамтамасыз ету бойынша жергілікті қызметтер ұйымдастырылған. Ал өсірілген өнімді сатып алу үшін өңдеушілер мен экспорттаушылар бекітіледі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии