Мәзір

KazGrain және Азық-түлік корорациясы экспорттық бағаларға мониторинг жүргізетін болады

09.10.2020
KazGrain және Азық-түлік корорациясы экспорттық бағаларға мониторинг жүргізетін болады

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мен KazGrain  ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару туралы келісті. Бұл туралы KazGrain басқарма төрағасы Қанат Кобесов хабарлады.

Азық - түлік корпорациясының Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі Тобылбек Омаров Қанат Көбесовтың атына жолдаған хатында Азық-түлік корпорациясы ұйымдар арасындағы ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының экспорттық бағасын бекітудің ашықтығы үшін Азық-түлік корпорациясы KazGrain ұлттық экспорттаушылар қауымдастығының платформасында Қазақстан Республикасының белгілі бір шекаралық өткеліндегі экспорттық бағаларды, дақылдардың атауын, импорттаушы елдердегі сатып алушыларды және Қазақстан Республикасының экспорттаушысына қажетті өзге де ақпаратты көрсете отырып, ақпараттық - интернет ресурс құру қажет деп санайды», - деп ұсынды Азық-түлік корпорациясында.

Қанат Кобесов ElDala. kz –ке берген сұхбатында қауымдастық экспорттаушылар арасында адал бәсекелестікті қалай қолдайтынын және KazGrain брендін дамыту жайын айтып берді. Сондай-ақ қауымдастық АӨК дамытудың жаңа бағдарламасының тұжырымдамасын талқылауға қатысады. KazGrain  трейдерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілері астық экспортына енгізілген шектеулерге тап болғаннан кейін, ағымдағы жылдың шілде айында құрылды.

Өз кезегінде азық-түлік корпорациясы даму стратегиясының тұжырымдамасына сәйкес экспорттық пулды қалыптастыру функциясын өзі жасайтын болады. Қазақстандық астық экспортын кеңейту және жаңа бағыттарды игеру үшін компания әлеуетті импорттаушыларды іздестіріп, ұзақ мерзімді сауда байланыстарын орнатады. Сондай-ақ, азық-түлік корпорациясы Өзбекстанда Сауда өкілдігі мен АҚК ашуды жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии