Сауда министрі Арман Шаққалиев Қытайдың бірқатар компанияларының өкілдерімен кездесіп, олармен сыртқы сауда айналымын арттыру перспективаларын талқылады. Бұл жөнінде World of NAN ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бірінші кездесу өткен жылдың басынан бері бизнесті әртараптандыру сатысында тұрған мұнай компаниясы басшыларының қатысуымен өтті. Мұнай-химия бағытынан басқа, компания жем-шөп өндірісін дамыта бастады және осы себептен Қазақстаннан жем-шөп дақылдарын экспорттауға қызығушылық танытты. Компания өкілінің айтуынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық арпаны жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойылды, сондай-ақ ҚР-дан рапс майын экспорттауға қызығушылық танытты.
«Біз қытайлық достарымыздың ұзақ мерзімді оффтейк келісім шарттар жасасқанын қалаймыз. Бұдан басқа, бүгінде Қазақстанда өнімді терең өңдеуге басымдық беріліп отыр. Сізді қандай дақылдар мен жем-шөптің қызықтыратынын анықтаңыз, ал біз ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді ұйымдастырып, дайын өнімді Қытайға жеткіземіз», - деді Сауда министрі.
Қытай компанияларының өкілдері Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен табиғилығын атап өтіп, тұтынушыларға тікелей сату үшін өз желісі арқылы күнбағыс және рапс майын импорттауға ниет білдірді. Компания сондай-ақ қазақстандық сусындар: суды, табиғи шырынды, құрамында алкоголь бар өнімдерді де ипорттауға қызығушылық танытты.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение