Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Peng Sheng (Group) Co., Ltd» компаниясының өкілдерін қабылдап, мақта өсіру және терең өңдеу, тоқыма фабрикасын салу мәселелерін талқылады. Бұл туралы World of NAN порталы облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Біз мақтаны өсіру ғана емес, оны терең өңдеу бағытына басымдық беріп отырмыз. Мақта тұқымы мен сапасын жақсарту, жаңа технологияларды енгізу, мақтаны терең өңдеу, тоқыма фабрикасын салу жұмыстарын атқарғанда ғана мақта шаруашылығындағы мәселелер шешіледі. Сондықтан біз сіздермен әріптестік орнатуға дайынбыз. Жол картасын әзірлеп, екі тараптың міндеттемелерін енгізейік. Инфрақұрылым және басқа түйткілдер бойынша бізден қолдау болады», – деді Дархан Сатыбалды.
Жергілікті әкімдік жол картасын әзірлеп, екі жақтың міндеттемелерін енгізуге дайын. Әкімдік инфрақұрылымға және басқа да мәселелерді шешуге жан-жақты қолдау көрсетуге кепілдік береді.
«10 мың гектар мақта алқабына тамшылатып суару технологиясын енгізуге дайынбыз. Сондай-ақ мақтаны терең өңдеу, мақта майын өндіретін құрал-жабдықтарды әкелу де жоспарда бар. Біз жоғары сапалы мақта тұқымын егіп, мақта зауытын салуды жоспарлап отырмыз», - дейді компания өкілі Сонг Шицзие.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение