Мәзір

Қазақстан мен Қырғызстан құны $300 млн құрайтын келісімдерге қол қойды

18.04.2024
Қазақстан мен Қырғызстан құны $300 млн құрайтын келісімдерге қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстанның бизнес-форумы аясында екі елдің бизнес-топтары жалпы сомасы $300 млн.  құрайтын коммерциялық құжаттарға қол қойды. Бұл жөнінде World of NAN Сауда министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 26%-ға артып, 1,6 млрд долларға жетті. Қазақстандық экспорттың үлесі 69% немесе 1,1 млрд долларды құрайды (өсім 35,8%). Импорт - 495,2 млн, АҚШ доллары (өсім 9%).

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін ең ірі импорттаушы болып саналады. Мәселен, өткен жылы одақтас елге 8,7 мың тонна ет және балық (+17,6%), 4,3 мың тонна жұмыртқа (+4,6%), 5,3 мың тонна майонез, кетчуп, соя соусы (+0,7%) жөнелтілді. Сонымен қатар 25 мың тоннадан астам ұн мен 8 мың тоннаға жуық астық сатылды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии