Мәзір

$миллиондаған келісімдер: саудиялықтар қазақстандық өнімді сатып алмақ

29.11.2023
$миллиондаған келісімдер: саудиялықтар қазақстандық өнімді сатып алмақ

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтіп, олар құны 18 миллион долларлық келісімшарттарға отырды. Бұл жөнінде World of NAN порталы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кейінгі жылдары Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда қарқынды дамып келеді. 2023 жылдың 9 айында тауар айналымы 13,4 млрд долларға жетті. Қазақстандық өнімдердің экспорты өткен жылдың көлемінен асып түсіп, 7,2 млрд долларды құрап, 66,5%-ға өсті.

Қазақстан өткен жылы Сауд Арабиясының нарығына салқындатылған қой етін экспорттай бастады. Сауд Арабиясына экспорттаушылар тізіліміне ет және бал өнімдерін өндіретін 34 отандық тауар өндірушілер кіреді, алдағы уақытта тағы 23 кәсіпорын қосылмақ.

«Қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Сауд Арабиясына 500 млн долларға жуық тауардың 75-тен астам түрін қосымша жеткізуге дайын. Металлургия және тамақ өнеркәсібін өндірушілер үлкен экспорттық әлеуеті зор», - деді Сауда вице-министрі Қайрат Төребаев.

Сауда-экономикалық миссия аясында Қазақстан атынан ет және ет өнімдерін, бал, ұн және күнбағыс майын, құрылыс материалдарын, тау-кен және металлургия өнеркәсібінің өнімдерін өндіретін, сондай-ақ IT және басқа да қызметтерді жеткізуші 25 компания ұсынылды. Эр-Риядтағы іскерлік келіссөздер нәтижесінде қазақстандық кәсіпкерлер 18,2 миллион долларға экспорттық келісімшарттарға қол қойды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии