Мәзір

Қостанай облысының фермерлеріне 16 млрд теңге субсидия өтелмеген

23.02.2024
Қостанай облысының фермерлеріне 16 млрд теңге субсидия өтелмеген

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері үнемі қаржы тапшылығына сілтеп келеді. World of NAN бұл жөнінде inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

«Қазан айында біз министрлікке қосымша 4 млрд теңге бөлуді сұрап хат жолдадық, өкінішке қарай, ақша түспеді. 2023 жылға арналған инвестициялық субсидиялар бойынша қарызды 2024 жылы өтейміз. Қосымша 10,5 млрд теңгеге бюджеттік өтінім жолдадық», - деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Мәдина Нұрғазина.

Шаруалар алдындағы қарыз мәселесі (2022-2023 жылдарға арналған көлемі 16 млрд теңге) Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жүйесіз жұмысының салдарынан туындады. Мысал ретінде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудың ақпараттық жүйелерінің жиі өзгеруі, олардың сынақ режимінде жұмыс істеуі және жиі өзгеріс енгізуін атап өтуге болады.

2023 жылы 2022 жылғы өтініштер қайта тапсырылып, олардың кейбіреулері әлі қаралмаған. 2023 жылдың тамызында пестицидтерге берілген өтінімдер қазір ғана қаралып жатыр. Субсидиялау ережелеріне сәйкес, 2022 жылғы субсидия үшін 2023 жылы берілген өтінімдердің салдарынан 2024 жылы қайтадан өтінім бере алмайды. Осылайша фермерлер бір жағынан АШМ тапсырысымен жасалып, дұрыс жұмыс істемей қалған платформаның, екінші жағынан, фермерлердің өтінішіне назар аудармаған  ауыл шаруашылық басқармаларының тұтқынына түсіп отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии