Мәзір

Тұқым шаруашылығының құлдырауы фермерлерді "өлтіріп" тынады

06.12.2023
Тұқым шаруашылығының құлдырауы фермерлерді

Бүгін елордада «Тұқым-2024» атты тұқым шаруашылығына арналған конференциясы өтіп, онда сала мамандары көңіл көншітпейтін мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды World of NAN.

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының мәліметтері бойынша, Қазақстанның егістік алқаптарының 31,9%-на отандық тұқым себіледі. Яғни, жалпы егіс ауданының 68 пайызы импорттық тұқымға тәуелді. Әрине, импорттаудың еш айыбы жоқ, бірақ геосаяси тұрақсыздықты ескеру керек. Кейбіреулер Украинадан тұқым сатып аламын деп опық жеп қалған. Сондықтан төтенше жағдайлар үшін Қазақстанда резерв болуы керек. Биылғы маусымдағы қолайсыз ауа райы мұндай резервтің жоқтығын көрсетті. Шаруаларға азық-түлік корпорациясынан тауарлық бидайды егу ұсынылды.

Саясаткерлер тек қағаз жүзінде ойланып, жоспар жасайды. Нақты шешімдер де, жетістіктер де жоқ. Ал шетелдің ірі тұқым өсіру компаниялары өз өнімдерімен Қазақстан нарығына кіруін жалғастырып жатыр. Мәселен, биылғы жылы мемлекеттік сұрып сынауынан 165 импорттық сұрып пен будандар өтті, ал отандық сұрыптар мен будандардың саны 30 ғана. Осы сандарға қарап ойланып көрсек, импортқа тәуелділік күннен күнге артып келеді және оның себептері де бар.

Ең үлкен тұқым нарығы Еуропада орналасқан, онда жыл сайын 32 миллиард доллардан астам табыс табатын өндіріс көлемі әртүрлі 7 000 фирма бар. Оның үстіне жыл сайын еуропалық компаниялар сату көлемін 10%-ға арттырып жатыр. Бірақ ең сорақысы, батыс компаниялары жалпы табысының 12-15 пайызын саланы дамытуға және өз бәсекелестігін арттыруға салады.

Мұндай компанияларға нені қарсы қоя аламыз? Тауарлық өнім шығарумен айналысатын Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен оның еншілес компанияларын ба? Иә, Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым шаруашылығын дамытудың жоспарын жасап жатыр. Бірақ біздің елде мемлекеттік ведомстволардың жоспары қашан жұмыс істеген еді?

Сондықтан билік тұқым өндіретін жеке компанияларға көбірек көңіл бөлуі қажет. Нарық жағдайында олар дамуға көбірек қызығушылық танытады әрі мемлекеттік ұйымдарға қарағанда әлдеқайда көбірек шаруа тындырады. Дегенмен оларға субсидия немесе арзан несие түріндегі қаржы көзі қажет. Өйткені қазіргі шарттарда импорттық өндірушілермен тең дәрежеде бәсекелесу мүмкін емес.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии