Мәзір

АӨК-де ірі жемқорлық схемасы анықталды

02.11.2021
АӨК-де ірі жемқорлық схемасы анықталды

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауқымды арнайы операцияның нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы қылмыстық топтардың қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды World of NAN Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты бөлімшелері мен ұйымдары қатарынан қылмыстық топты анықтады.

"Олар субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан, сондай-ақ кәсіпкерлерден жүйелі пара алу мен заңсыз сыйақы алудың сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырған", - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі Шыңғыс Алекешев.

Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді, 30-дан астам қатысушы анықталды, олардың көпшілігі қазірдің өзінде мойындап, тергеумен бірге жұмыс атқаруда.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии