Сауда министрлігі мен Қазақстанның 16 ірі сауда желісі арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша, Small, Semeiny және Yarmarka бөлшек сауда желілері пияз көлемінің бір бөлігін фермерлерден тікелей сатып алуға қызығушылық танытты. Бұл туралы World of NAN ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өз кезегінде «Тоймарт» желісінің өкілі қазірдің өзінде Шеңгелдіден пияз жеткізу туралы келісімге қол қойылғанын айтты.
2023 жылы Қазақстанда 1,1 миллион тонна пияз жиналды. Кейінгі бес жылда пияз жинаудың 23 пайызға немесе 211,8 мың тоннаға артуы байқалды, бұл оның артық өндірілуіне әкеліп соқты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда бөлшек саудада пияздың орташа бағасы 99 теңге/кг. «Алтын Орда» базарындағы пияздың көтерме бағасы сапалы пияз үшін 40-50 аралығында. Сауда желілерінде – 58-ден 140 теңге/кг дейін.
Өткен жылдың желтоқсан айында Ауғанстан мен Пәкістанның кәсіпкерлері Жамбыл және Алматы облыстарының шаруаларына 80 теңге/кг ұсынған болатын. Алайда фермерлер бағаның қымбаттауын күтіп, ірі мәмілелерден бас тартты. Қаңтар айында Қонаевта Алматы облысындағы Шеңгелді ауылының пияз өсірушілерімен кездесу өтіп, ауған кәсіпкерлері пияздың максималды көлемін келісін 40 теңгеден алуды ұсынды. Алайда тараптар бағаға келіспеді. Сондай-ақ фермерлерге «Алтын Орда» базарында пиязын сатуға 100 тегін орын ұсынылған. Алайда олар оны нарыққа шығара алмады.
Енді Жамбыл және Алматы облыстарындағы шаруалардан қалған пияздың қомақты қалдықтарына қатысты қалыптасқан жағдайды ескерсек, төрт сауда желісі пиязды өндірушілерден тікелей сатып алатын болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение