Қырғызстандағы фермерлердің қазақстандық әріптестерінен айырмашылығы, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша кез келген ауыл шаруашылығы техникасын ала алады, деп хабарлайды World of NAN.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгроҚаржы» ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру үшін бөлінген бюджеттің 56,5 пайызын игермеген. Оған себеп – фермерлердің төлем қабілетсіздігі мен кепілге қойылатын талаптардың шамадан тыс жоғары болуы.
Тағы бір шектеу – Қазақстандағы фермерлер тек «отандық» ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алады. Фермерлердің айтуынша, нарықтағы мұндай шектеу бағаны айтарлықтай өсіреді. Бірақ мемлекет диқандардың мұң-мұқтажын ойлаған жоқ.
Қырғызстан фермерлері жеңілдетілген лизинг бойынша ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарының барлық түрін, сондай-ақ жаңбырлатқыштар мен егістіктерді суаруға арналған тамшылатып суару қондырғыларын 10 жылға дейінгі мерзімге жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен ала алады. Оның үстіне, қаражаттың игерілмеу мәселесі де жоқ емес.
Ал осы жерде сұрақ туындайды, неге көрші мемлекетте фермерлер көбірек бағаланады?
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение