Қаржыландырудың жаңа шарттары ауыл шаруашылық техникасын, арнайы техникаларды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдауға қажет көлік жабдықтарын алдын ала төлем жасамай сатып алу мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл туралы World of NAN ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2023 жылы шаруа иелері үшін оңай жыл болған жоқ. Жайсыз ауа-райының салдарынан жиналған өнімдердің сапасы төмен болып, салдарынан тауар өткізу кезінде түскен табыс та айтарлықтай аз болды.
«Көптеген ауыл шаруашылығы өндірушілері қиын қаржылық жағдайға тап болып, бірінші лизинг төлемдерін жасай алмай қалды. Осы жайттарды ескере отыра, біз жаңа бағдарламаны әзірледік. Бұл бағдарлама арқылы шаруа иелері ештеңеге алаңдамай өзіне қажет техникаларын ала алады», - деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқармасының Төрағасы Айдар Прашев.
Лиизиг шарттары: алдын ала төлем - 0% бастап; сыйақы мөлшерлемесі – 22,75% (субсидияны есепке алғанда 6%); лизинг мерзімі – 10 жылға дейін; қаржыландыру шегі – 370 млн.теңгеге дейін.
Бағдарлама аясында лизингке отандық және шет елдің техникалары беріледі. Қаржыландырудың жаңа шарттары мен жаңа лизинг бағдарлама жөнінде толық ақпаратты алу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарынан жүгінуге болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение