Мәзір

Суды үнемдемейтін фермерлер аз субсидия алады

02.02.2024
Суды үнемдемейтін фермерлер аз субсидия алады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ведомство шаруаларды су үнемдеуге қалай ынталандыратыны туралы айтты. Бұл туралы World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстанда 2,3 миллион гектардан астам суармалы жер бар, бірақ 2023 жылдың соңына қарай іс жүзінде суарылатын 1,5 миллион гектар жердің 75 пайызы бороздалап суару әдісімен, 6 пайызы - күріш алқаптарын сумен толтыру арқылы, 21 пайызы заманауи тамшылатып немесе бүрку әдісімен суарылады.

«Шаруаларды заманауи суды үнемдейтін технологияларды пайдалануға ынталандыру мақсатында сумен жабдықтау қызметінің құнын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді субсидия көлемі суару әдісіне байланысты болмақ. Яғни, суды үнемдеу технологиясын қолданбай суару кезінде, сумен қамтамасыз ету әдісіне қарамастан, тарифтің 50–75%, ал суды үнемдейтін технологияларды пайдаланғанда – 60–85% субсидияланады. Бірақ 2026 жылға қарай суды үнемдемегендер үшін өтемақы тарифке байланысты 30-55 пайызға дейін төмендейді», - деді Айдарбек Сапаров.

Қазіргі уақытта министрлік суды үнемдейтін технологияларды сатып алуға және орнатуға арналған шығындарды субсидиялау нормативін 50-ден 80%-ға дейін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр, мұнда 30%-ы жергілікті бюджеттен субсидияланатын болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии