Мәзір

Ғалымдар қайта өңделген өнімдерді шырындардың құнарлығын арттыру үшін қолдануды ұсынды

23.12.2020
Ғалымдар қайта өңделген өнімдерді шырындардың құнарлығын арттыру үшін қолдануды ұсынды

Тамақ өнеркәсібі және қайта өңдеу ҚазҒЗИ ғалымдары (Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының еншілес кәсіпорны) пектин сығындыларын алуда және шырын шығаруда қайта өңделген өнімдерді пайдаланып, шырындардың құнарлығын арттыруды ұсынады, – деп хабарлайды World of NAN ҰАҒБО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың сөзінше, ас қызылшасы мен сәбізден жасалған шырындар мен сусындарда пектин сияқты құнды зат жоқ, алайда бұл пайдалы өнім аталмыш көкөністердің сығындысында көп қалады. Езілген жемістерде де пектин көп мөлшерде болады екен, осыған байланысты қазақстандық ТӨҚӨ ҒЗИ ғалымдары пектинді сығындыларды алу және шырындарды одан әрі байыту үшін осы сығындыларды қайта өңдеуді тиімді тәсіл санауда.

Қазақстан көкөніс өнімдерінің түрлі сұрыптарын (Бордо және Қызылқоңыр ас қызылшалары, Шантане және Алау сәбіздері және басқалары) өсіру үшін климаттық тұрғыда қолайлы болып табылады. 2019 жылы көкөністер 180,5 мың гектарға егіліп, жалпы өнім 3659,3 мың тоннаны құраған. Сәбіз өсіру мөлшері 481,5 мың тоннаны (9,7%) құраса, оның 38,5 мың тоннасы өңделген, 175,3 мың тонна ас қызылшасы (10,5%) өсірілсе, оның 17,8 мың тоннасы өңделіпті.

Алайда осы жиналған өнімдердің дұрыс сақталмауынан олардың 30% бұзылады немесе одан да көп мөлшері жарамсыз болып қалады екен. Осыған байланысты ғалымдар сол көкөністер мен жемістерді пайдаға асыру үшін оларға құнды биологиялық белсенді қоспаларды қоса отырып қайта өңдеу дұрыс болып табылады дейді.

Бұл ретте мамандар құрамындағы көмірсулар, дәрумендер, пектин және басқа биологиялық қосындылардың арқасынада ас қызылшасы мен сәбізден алынған өнімдердің гипертония, атеросклероз, жүрек-қан тамырлары жүйесі, бауыр және басқа аурулардың алдын-алуда және емдеуде үлкен пайдасы бар дегенді алға тартады.

«Көкөніс өнімдерінің сығындыларын қайта өңдеп пайдалану биологиялық құнды өнімдер алуға мүмкіндік береді. Ас қызылшасы, сәбіз және алма, жеміс-көкөніс шырындарының сығындыларынан экологиялық таза тамақ өнімдерін алуға болады, олар табиғи заттармен байытылған. Құрамында пектині бар сығындыларды қолдану арқылы тіпті қалдық қалмайтын цех ашуға да болады», – дейді аталған зерттеу жұмысының авторы, Қазақстан ҒЗИ-дың «Сапа және тамақ қауіпсіздігі биотехнологиясы» зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Масимжан Велямов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии