Тері мен жүнді өңдеу, сондай-ақ оларды экспорттау тек Ақмола облысының емес, бүкіл Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының күрделі мәселелерінің бірі. Бұл жөнінде World of NAN порталы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Фермерлердің айтуынша, экспорттық баж салығы енгізілгеннен кейін терілер сұранысқа ие болмай қалған. Оларды экспорттау экономикалық тұрғыдан мүмкін болмай қалды, ал ішкі нарықта оларға іс жүзінде сұраныс жоқ.
«Ел ішінде терілерді сатып алу бағасы құлдырады. Нәтижесінде миллиондаған тері утилизацияланды. Оның 3,4 миллионы ірі қара малдан, 7,9 миллионы ұсақ малдан келеді. Бұл шикізат бүкіл әлемде бағаланады. Алайда Қазақстанда ірі қара малдан алынатын шикізаттың 15 пайызы ғана өңделеді, ұсақ малдың терісі үшін мүлдем ештеңе жоқ», - деп атап өтті Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі кеңесінің төрағасы Қуаныш Рақышев.
«МВ4» ЖШС директоры Азамат Шалмағамбетовтің айтуынша, компания биыл Тараз былғары зауытына шикізатты бір-ақ рет өткізе алып, 8 тоннаға жуық шикізатпен қамтамасыз еткен.
«Ұсынатын баға – дымқыл тұздалған мал терісіне 130 теңге – төмен және әрі маңызы жоқ. Бұл өңдеушілердің мотивациясын төмендетеді. Біздің қойма толып кетті, оған не істерімізді білмейміз. Сонымен қатар, біз қоймалық шығыстарға байланысты шығынға ұшыраймыз. Теріні тауарлық және коммерциялық емес деп бөліп, ет комбинаттарының экспортқа шығаруғына рұқсат беру керек. Барлық шикізатты сыртқа шығарып, сыртте өңдеген дұрыс», - деді Азамат Шалмағамбетов.
Әдеттегідей, шикізатты сыртқа шығаруға тыйым салып, алысты болжай алмаған билік бәріне кінәлі. Олардың қағазға түсірген жазуы қазақстандық кәсіпкерлерді орасан зор табыстан қағылуға әкелді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение