Мәзір

АШМ астықты тереңдете өңдеуге бет бұрады

29.05.2024
АШМ астықты тереңдете өңдеуге бет бұрады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ведомствоның жоғары өңделген өнімдер – макарон өнімдері, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, крахмал өнімдерін шығаруға бет алғанын айтты, деп хабарлайды World of NAN.

Жоғары өңделген астық өнімдеріне ерекше назар аударыла түспек. Қазіргі сәтте осы бағытта бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

«2024-2026 жылдары астықты қайта өңдеу бойынша 13 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, майлы дақылдарды қайта өңдеу ісі де қарқынды дамуда. Өсімдік майын өндірумен айналысатын 80 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 2023 жылы 672 мың тонна өсімдік майын өндірді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға көп. Қамтамасыз етілу 183%-ды құрайды», - деді министр.

Жыл соңына дейін өндіріс көлемін 750 мың тоннаға дейін ұлғайту болжануда. Бұған егіс алқаптарын кеңейту, шикізатты сатып алуға айналым қаражатын ұсыну және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен қол жеткізілетін болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии