Мәзір

Министрлік инвестициялық субсидия қағидаларына өзгеріс енгізеді

28.03.2024
Министрлік инвестициялық субсидия қағидаларына өзгеріс енгізеді

Инвестициялық шығындардың бір бөлігін өтеудегі Субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ауыл шаруашылығы министрі өткен аптада тиісті бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы World of NAN ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

АШМ инвестициялық субсидияларды төлеу ережелерін тікелей қаржы институттарына түсетіндей етіп өзгертуді жоспарлап отыр. Министрліктің хабарлауынша, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің техникасы мен жабдықтарға қолжетімділігін жеңілдету мақсатында жасалған. Мұндай шара фермерлердің несие немесе лизинг бойынша берешегін азайту арқылы қаржылық жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Сонымен қатар, министрлік таратқан ақпаратта ауыл шаруашылығын қолдау саласындағы саясаттың мемлекеттің индустриялық саясатымен өзара байланысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру аясында «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналарын және жабдықтарын сатып алу» №1 жоба паспорты шеңберінде қайта қаралғаны жазылған.

Одан бөлек өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар құру жобасына биоэтанол өндірісі қосылды. Сонымен қатар, бұйрықта глютенсіз өндірісті құруға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу қарастырылған. Өз шикізатын пайдалану есебінен отандық глютенсіз өнімдер өндірісін жолға қою Қазақстанда целиакия дертінен зардап шегетіндер үшін глютенсіз өнімдерге тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруға және осы өнім импортының үлесін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

Барлық өзгертулер және толықтырулармен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/632315?lang=ru


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии