Мәзір

АШМ көктемгі егіс науқанына дайындықты бастап кетті

25.01.2021
АШМ көктемгі егіс науқанына дайындықты бастап кетті

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс науқанына дайындықты бастап кетті. Қазіргі таңда тұқым, дизель отыны мен ауыл шаруашылығы техникасын дайындау мәселелері пысықталуда деп хабарлайды World of NAN АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Министрлік басшылығы облыс әкімдіктерімен бірлесіп егіс алқаптарының болжамды құрылымын әзірлеуде және 2021 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты барысын бақылауда.

«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Қазақстанда 2,4 млн тонна тұқым, оның ішінде 2 млн тоннаға жуық дәнді-дақылдар тұқымы, 80 мың тонна майлы дақылдар, 22,2 мың жем-шөп, 331,7 мың картоп тұқымы дайын. Осылайша, тұқымдарды дайындау деңгейі 98%-дан асты», – делінген АШМ хабарламасында.

Көктемгі егіс науқанына дайындық барысында еліміз бойынша ауыл шаруашылығы техникасының парк құрамы мен қазіргі жай-күйі туралы мәліметтерді жинау және талдау да жүргізілуде екен. 

2021 жылғы егіс науқанына облыс әкімдіктері 382 мың тоннаға жуық дизель отыны қажеттігін мәлімдеген. Бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығы ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп, әр облысты тиісті мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесінің жобасы және егіс науқанына қажетті дизель отынының бағасын анықтау мәселелері қарастырылуда.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии