«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалы директорының бұрынғы орынбасары алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Бұл туралы World of NAN порталы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бір шаруа қожалығының басшысы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша шетелден әкелінген 277 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу үшін несие желісін ашу туралы өтінішпен корпорация филиалына жүгінгені анықталыпты. Қарыз алушыға 90 млн теңге көлемінде несие қаражаты бөлінген.
Осыдан кейін сотталған азамат шаруа қожалығының басшысын алдау арқылы Ресейден мал сатып алу-жеткізу туралы ЖШС-мен шарт жасатқан.
Шаруа қожалығының басшысы есеп айырысу шотына 90 млн теңге аударған, бірақ бұл қаражатты корпорацияның Ақтөбе филиалы директорының орынбасары жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение