Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы еліміздің ауыл шаруашылығы дамуының қорытындылары туралы баяндады.
Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2%-ға ұлғайып, 934,4 млрд теңгені құрады.
«Бұл өсім мал шаруашылығындағы өнім көлемінің 2,3%-ға, оның ішінде сойыс салмақтағы еттің 3,5%-ға, сүттің 3,2%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Облыстар кесіндісінде Жамбыл, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстары республикалық темптен жоғары болды», — деп мәлімдеді министр.
Сондай-ақ ірі қара мал санының 4,1%-ға, қойдың 2,8%-ға, жылқының 7,9%-ға, түйенің 4,4%-ға және шошқаның 1,5%-ға өскені байқалады. Өсімдік шаруашылығында 2020 жылғы көктемгі дала және егіс жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін барлық қажетті шара қабылданды, бүгінгі күні егіс жұмыстары толығымен аяқталды.
Облыстар әкімдіктерінің жедел ақпараты бойынша егіс алаңдары 237,7 мың гектарға артып, 22,5 млн гектарды құрады.
Нәтижесінде азықтық дақылдарға арналған алаңдар 312,1 мың гектарға, майлы дақылдар алаңдары 184,7 мың гектарға, бақша дақылдарына арналған алаңдар 7,4 мың гектарға, көкөніс алаңдары 3,9 мың гектарға, картоп алаңдары 2,5 мың гектарға ұлғайды.
«Сапалы және уақтылы жүргізілген ылғалдылықты сақтау шаралары және егіс алдында жүргізілген топырақты өңдеу арамшөптерді барынша жоюға және топырақтың ылғалдылығын сақтауға ықпал етті. Егіс жұмыстары оңтайлы мерзімдерде жүзеге асырылды, нәтижесінде егін біркелкі және толығымен шықты. Фермерлер дер кезінде жеңілдетілген жанармаймен, сапалы тұқымдармен, тыңайтқыштармен, техникамен қамтамасыз етілді», — деді С. Омаров.
Келесі маңызды іс-шара — егісті фитосанитариялық қорғау. Өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға ынталандыру үшін ағымдағы жылы 37 млрд теңге көзделген, бұл 16,6 млн литр пестицид субсидиялауға мүмкіндік береді.
«Қазгидрометтің болжамына сәйкес маусым айындағы ауаның орташа температурасы Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстік бөлігінде нормада болады, Ақмола облысының орта және оңтүстік бөліктерінде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының көп жерінде, сондай-ақ Павлодар және Қостанай облыстарының оңтүстігінде нормадан 1°С-қа жоғары болады», — деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі.
Жоғарыда көрсетілген облыстарда жауын-шашын мөлшері нормада болады, Қарағанды облысында ғана нормадан төмен болады деп болжануда. Бұл факторлардың барлығы қолайлы ауа-райы жағдайында және егін жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімдерде жүргізген жағдайда жақсы түсім алуды болжауға мүмкіндік береді.
Көрсетілген кезеңде тамақ өнімдері өндірісі 2,3%-ға өсіп, 743,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, шұжық өнімдері өндірісінің 20,5%-ға, макаронның 16,1%-ға, сары майдың 14,7%-ға, жарманың 13,5%-ға, ұнның 6,6%-ға, өсімдік майының 5,3%-ға, қышқыл сүт өнімдерінің 4,8%-ға, сыр мен ірімшіктің 4,7%-ға өскені байқалады.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 14,3%-ға ұлғайып, 145,1 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісі 18,8%-ға артып, 28,5 млрд теңгені құрады.
5 айдың қорытындысы бойынша оң динамика байқалады. Бұл ретте саланы дамыту үшін Үкімет жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қажетті шараларды қабылдады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение