Еліміздің ауыл шаруашылық министрлігі Қазақстанда картоп жеткілікті деп мәлімдеді. Өңірлердің жедел деректеріне сәйкес, 11 маусымдағы жағдай бойынша республикада 70 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры бар, деп хабарлайды World of NAN АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АШМ ақпаратына сүйенсек, белгіленген тұтыну нормаларына сәйкес, елдегі картоп қоры жарты айдан астам уақытқа жетеді екен. Халықтың жан басына шаққанда жылына 95 кг картоп тұтыну норма болса, еліміздің халқы күніне 4,9 мың тонна картоп тұтынады. Және де бұл шағын фермерлік қожалықтарында және халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарындағы сақталған картоп қорының негізгі көлемін (шамамен 80%) есптемегендегі көрсеткіш көрінеді.
Күнделікті баға мониторингі картопқа бөлшек сауда бағасы 138-450 теңге/кг аралығында болатынын көрсеткен. Бүгінгі таңда ең төмен баға Қостанай (138 тг/кг) және Ақтөбе облыстарында (166 тг), ал ең жоғарғысы Нұр - Сұлтан қаласында (225-450 тг), СҚО (320-340 тг), ШҚО (335 тг) және Қарағанды облысында (270-310 тг) тіркелген.
Елордалық базарлар мен сауда нысандарының мониторингі бүгінгі күні картопқа деген сұраныс айтарлықтай жоғары деңгейде еместігін көрсеткен. Сатылымда былтырғы жылғы да, биылғы жылғы да картоп бар және сатылып жатыр. Сонымен қатар, АШМ мәлім еткендей, тауарлардың жеткілікті болуына байланысты баға да төмендеп келеді.
Өткен жылғы картоп сапасына қарай, келісі 120 теңгеден 200 теңгеге дейін сатылуды. Биылғы өнім «Шарын» және «Шапағат» сауда орталықтарында 280-320 теңгеден, «Евразия», «Магнум» және «Смолл» СОО-да келісі 400-450 теңгеден сатылуда.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жыл басынан бері картоптың құны 48,6%-ға өсті. Бұл өсім маусымдық сипатқа ие. Мысалы, 2020 жылы дәл осы күні статистика органдары дақылдың бағасының 46%-ға жуық өскенін тіркеген.
«Маусымдық бағаның өсуіне делдалдар мен сауда объектілерінің үстемені көп қосқаны әсер еткені анықталып отыр. Маусым айынан бастап оңтүстік аймақтарда ерте пісетін көкөністер мен картоптың жаңа өнімі жаппай жинала бастады. Мұнда биылғы картоптың бағасы тоннасына 175-200 мың теңге аралығында. Жақын арада жаңа өнімдерді жеткізу нарықтағы бағаға едәуір оң әсер етуі мүмкін», – дейді министрлікте.
Қазірдің өзінде жергілікті атқарушы органдарға ерте пісетін картопты Түркістан облысынан сатып алу ұсынылды. Ал биылғы картопты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының сауда орындарына жеткізуді ұйымдастыру үшін оператор ретінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ны іске қосу қажет. Мұның сыртында жергілікті әкімдіктерге ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен жеткізе отырып, жәрмеңкелер ұйымдастыру да ұсынылған.
2021 жылы бүкіл республика бойынша картоптың егістік алқабы 198 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 мың гектарға артық. Осы мәліметтерге сәйкес, картоп өндірісі 4 миллион тонна деңгейінде жетеді деп күтілуде.
Нарықтағы бағаға байланысты жағдайға тоқтала отырып, АШМ мемлекет тарапынан фермерлерге көрсетілетін қолдау туралы да айтып өтті. Оның ішінде инвестициялық субсидиялау бағдарламасы, тұқым, минералды тыңайтқыштар, пестицидтер сатып алу кезінде берілетін субсидиялар, арзандатылған дизель сияқты жан-жақты көмек сөз болды.
«Бұл шаралар АӨК субъектілерін қолдауға ғана емес, өнімді сатқанда бағасының өсуіне жол бермеуге де бағытталған», – деп атап өтті АШМ өкілдері.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение