Мәзір

Павлодар облысында егіс алқабы 6 мың гектарға ұлғайтылады

19.11.2021
Павлодар облысында егіс алқабы 6 мың гектарға ұлғайтылады

Павлодар облысында 2022 жылдың вегетациялық кезеңінде егіс алқабы 6763 гектарға артады. Бұл туралы өңірге жұмыс сапары барысында "Қазсушар" РМК бас директоры Алтай Елжасов мәлімдеді, деп хабарлайды World of NAN кәсіпорынға сілтеме жасап. 

Алтай Аралбайұлы өңірге сапары барысында ирригациялық құрылыстар құрылысының барысымен танысты. Облыстың Май ауданында «Қазсушар» РМК салынып жатқан екі объекті орналасқан. Майтүбек ауылдық округінде 1200 га алқаптағы суару жүйесінің құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталатын болады. Қаратерек ауылдық округінде 4500 га алқаптағы ирригациялық жүйені қайта жаңартуды 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 

Жұмыс сапарының соңында бас директор филиал басшыларына бірқатар ескертулер жасап, тапсырмалар берді. Павлодар облысы филиалының басшысы Жұмағелді Қожановқа барлық қажетті материалдарды сатып алуды аяқтау және автомобиль және темір жол құбыр желісін орнату жұмыстарын жалғастыру, келесі вегетациялық кезең басталғанға дейін суару алаңын 400 га ұлғайту тапсырылды. Алматы филиалының директоры Саят Құдайбергеновке жыл соңына дейін электрмен жабдықтау жұмыстарын аяқтап, понтонды дайындау тапсырылды. Келесі жылдың вегетациялық кезеңіне дейін филиал Павлодар облысындағы суармалы жер көлемін тағы 1350 гектарға ұлғайтуы қажет. Ағымдағы жылдың соңына қарай Шығыс Қазақстан филиалы электрмен жабдықтау, понтон салу, құбырларды сатып алу және т. б. бойынша материалдар мен жабдықтарды сатып алу бойынша барлық конкурстық рәсімдерді аяқтауы тиіс. ҚМЖ-ны аяқтау 2022 жылдың соңына жоспарланған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии