Ел аумағында басқа мемлекеттерден келу қаупі бар жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының таралуынан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азматтар денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру мақсатында ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарға екпе жасау жұмыстары басталады, деп хабарлайды World of NAN АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикалау жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылы жануарлар мен құстарды вакциналау бойынша 151 млн-нан астам манипуляция, сондай-ақ 68 млн-нан астам диагностикалық зерттеулер жүргізілетін болады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі атап өткендей, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жыл сайынғы иммундық алдын алу іс-шараларын тек сертификатталған ветеринариялық препараттармен жүргізеді.
Жалпы, халықаралық Эпизоотиялық бюроның тізіліміне түрлі аурулар мен инфекциялардың 88 түрі енгізілген. Ал қазақстандық тізілімде 68 түрі тіркелген. Қазіргі таңда 45 жануарлар инфекциясы бойынша елімізде эпизоотиялық жағдай тұрақты. Ал, аурудың 23 түріне диагностика және вакциналау бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Екпе жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жанындағы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар биыл ақпан-наурыз айларында бастайды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение