Мәзір

Тұқым шаруашылығын дамытуға 63 млрд теңге бөлінеді

04.06.2024
Тұқым шаруашылығын дамытуға 63 млрд теңге бөлінеді

Үкімет Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциялық және тұқым шаруашылығын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды World of NAN.

Қазіргі таңда отандық селекция және тұқым шаруашылығы жүйесі фермерлерді ауру мен күйзеліс жағдайларына төзімді әрі шыдамды сорттармен қамтамасыз ете алмайды. Ал республиканың жалпы егіс алқабындағы элиталық тұқымның үлесі 7,1% құрайды, бұл Ресей мен Беларуське қарағанда екі есе аз.

Кешенді жоспарды іске асыру селекциялық және тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, селекциялық және тұқым шаруашылығы субъектілерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, салаға жас кадрлардың келуіне қолайлы жағдай жасауға, тұқым шаруашылығының дәйекті жүйесі, сондай-ақ тұқымды бақылаудың цифрлық жүйесін әзірлеу және енгізуге мүмкіндік береді. 

Кешенді жоспарды жүзеге асыруға жұмсалатын жалпы шығын 63,4 млрд теңгені құрайды. Жоспарды іске асыру 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы дақылдарының 108 жаңа сорты мен буданын, оның ішінде дәнді дақылдардың 33 сорты мен буданын, бұршақты дақылдың 10 сортын, майлы дақылдардың 16 сорты мен буданын, картоп пен көкөніс дақылдарының 17 сорты мен буданын шығаруға және сынауға ұсынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жеміс-жидек, жидек дақылдары мен жүзімнің 8 сортын, мал азықтық дақылдардың 21 сорты мен буданын шығару жоспарланған.

Жоспар шеңберінде басым ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық отандық тұқымдарын пайдалану үлесі 7,5%-дан 14,4%-ға дейін ұлғайтылады.

Жалпы алғанда, жоспар қағаз жүзінде өте әдемі көрінеді. Дегенмен отандық ауыл шаруашылығы ғылымы әлдеқашан сенімін жоғалтқан. Ал мұндай қаржы ондаған жылдар бойы дамып келе жатқан мәселені шеше ме, жоқ па – бұл үлкен сұрақ.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии