Мәзір

Дағдарысқа байланысты АӨК-ті субсидиялауға 50 млрд теңге бөлінді

10.07.2020
Дағдарысқа байланысты АӨК-ті субсидиялауға 50 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда салықты есептемегенде және жергілікті орындардың қолдауын қоспағанда, дағдарысқа қарсы шараларға 5,938 млрд теңге бөлінді. Оның 3,462 млрд теңгесі - республикалық бюджеттен, 2,476 млрд теңгесі бюджеттен тыс қаражат. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет мәліметі бойынша, Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаларды орындауға 240 млрд теңге қарастырылған, оның 50 млрд теңгесі агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінеді. 84,5 млрд.теңге «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға және несиелерді кепілдендіруге жұмсалатын болады.«Ауыл-ел Бесігі» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 55 млрд. теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы»  бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражаттарына 8% -дық жеңілдікпен несие беру және инвестициялық жобаларға жылдық 6% -бен жеңілдетілген несие беру аясында бюджеттен тыс 1 трлн. теңге қаражат қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиевтің айтуынша, Қазақстан Республикасында 5 айда қызмет көрсету секторы 6,2% төмендеді, тауарлар өндірісі бірқалыпты күйде қалып отыр, ал тауар өңдеу секторындағы өсім 4,8%-ды құрады. Ағымдағы жыл мен келесі жылға барлық жағдайлар ескеріліп, болжалды, консервативті жоспарлар жасалды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірқатар шаралар қабылданды, мысалы, микро және шағын бизнес үшін табыс салығынан босату және оларды тексеруге мораторий жарияланды. Сондай-ақ, 1 қазанға дейін жалақы қорынан салық жеңілдіктері көптеген түрлі салаларда енгізіліп, жеңілдетілген несиелер көбейтілетін болады. Экономикалық өсуді қалпына келтіру үшін кешенді жоспар жасалды, сондай-ақ маусым айында бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар жүзеге асырылатын болады. Кәсіпкерлік мәселелерін шешуге бағытталған, оның ішінде мемлекеттік сатып алу, қазынашылық жүргізу, ауылшаруашылық техникаларына лизинг беру және экспортқа тауарларды шығару сияқты 43 шара орындалатын болады. Сондай-ақ, арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істейді, ол бизнес өкілдерінің барлық аймақтардан жиналған және ең өзекті мәселелері бойынша барлық ұсыныстарын қарастырады», - деді М.Такиев.

Сонымен қатар, вице-министр атап өткендей, Мемлекеттік комиссия маусымда бизнесті қолдау жоспарын қабылдады, онда қарастырылғандай жеке несие беру ерекше тәртіппен орындалатын болады.

Ақпарат көзі: eldala.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии