Мәзір

Неміс компаниялары ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеуге мүдделі

14.09.2021
Неміс компаниялары ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеуге мүдделі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ірі неміс компанияларының, сондай-ақ Германия экономикасының шығыс комитетінің басшыларымен кездесу өткізді. Тараптар бірлескен жобаларды іске асырудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды World of NAN Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Германия Қазақстанның ірі сауда серіктестері мен негізгі инвесторларының бірі екенін атап өтті. 2005 жылдан бастап ГФР-дың ҚР экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен $5,1 млрд.құрады. Пандемияға қарамастан, неміс компаниялары Қазақстан экономикасына белсенді инвестициялауды жалғастыруда. 2021 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 72%-ға өсіп, $64,6 млн. асты.

Германдық спикерлер өз кезегінде Қазақстандағы цифрлық технологиялардың даму қарқынына оң баға беріп, бірлескен жобаларды, соның ішінде «жасыл» сутегі өндірісі мен ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу бойынша жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының көлемі 26%-ға өсіп, $1,2 млрд дейін жетті. Неміс капиталының қатысуымен 950-ден астам кәсіпорын Қазақстанда энергетика, АӨК, машина жасау, құрылыс және логистика салаларында іске қосылған. 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии