Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды World of NAN.
Осы мақсатта республикалық ауыл шаруашылығы санағын өткізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіретін арнайы комиссия құрылады.
Естеріңізге сала кетейік, шаруалар мен депутаттар әкімдіктер жинаған ауыл шаруашылығы статистикасына толықтырулар енгізілгенін бірнеше рет жариялаған болатын. Агроөнеркәсіптік кешеннің даму картинасы ресми деректерден мүлде басқаша болуы мүмкін.
Әрине, бар мәселе жағдайды бейтарап бағалауға барып тіреледі. Деректерді тағы да әкімдіктер жинайды, олар шындыққа қызығушылық таныта қоймайды, өйткені кез келген төмендеу жергілікті атқарушы органдарға кері әсерін тигізеді. Бұл мәселе қалай бақылауға алынады? Әзірше түсініксіз. Үкімет арнайы құрылған комиссия мен шенеуніктердің ар-ожданына арқа сүйеп отырған көрінеді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение