Мәзір

Сенатта халықты астықпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

09.12.2020
Сенатта халықты астықпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында Сенат депутаттары «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады деп хабарлайды World of  NAN ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Заң жобасы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде елді азық-түлік астығымен қамтамасыз етуге кепілдік беру мақсатында әзірленген болатын. Заң жобасы жергілікті бюджеттердің есебінен сатып алу және жеткізу арқылы тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, оператордың резервтік қорды сақтауға кеткен шығындарын өтеуге мүмкіндік береді» – деп айтылады хабарламада.

Заңға енгізілген түзетулер ішкі нарықты тұрақтандыруға және астық индустриясында экспорттық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті заң жобасын Палатаның қарастыруына жіберді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии