Мәзір

Бидайды квоталауға өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ

08.04.2020
Бидайды квоталауға өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ

3-4-сыныпты бидайға квота алуға арналған өтінімдерді қарастыру нәтижелері бойынша бидай экспорты үшін квота алуға құқығы бар өтінім берушілердің 2020 жылғы сәуірге арналған алдын ала тізбесі белгіленді (қоса беріліп отыр).

Алынған квота шегінде бидай экспорты ішкі нарыққа кепілді жеткізу үшін бидай көлемін ауыртпалыққа (кепілге) қойғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Ауыртпалыққа (кепілге) жататын бидай көлемі экспортқа алынған квота көлемінен есептеледі.

Бидайға ауыртпалық салу (кепіл) үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-мен тапсырма шартын және кепіл шартын
(ҚР АШМ интернет-ресурсында жарияланған нысан бойынша) жасау қажет.

Алдын ала тізбедегі «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-мен шарт жасасқан және ішкі нарыққа кепілді жеткізу үшін бидай көлеміне ауыртпалық салу бойынша талаптарды орындаған өтінім берушілер Бидайды сыртқа шығаруға квота алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесіне енгізіледі.

Бидайды сыртқа шығаруға квота алған өтінім берушілердің жиынтық тізбесі ҚР АШМ интернет-ресурсында жарияланады. Жиынтық тізбеге ену бидай экспортына фитосанитарлық және ветеринарлық сертификаттар алуға негіз болып табылады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ байланыстары»:

1) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Орталық аппараты (Нұр-сұлтан қ.)

Оразбекова Айжан Маратқызы

8-701-222-24-06

8-7172-59-13-08

2) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қостанай облыстық өкілдігі (Қостанай қ.)

Қасымов Қанат Бақытбекұлы

8-771-665-93-09

8-7142-53-11-44

Шаяхметов Алмат Маратұлы

8-777-771-88-03

8-7142-54-28-77

3) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі (Петропавл қ.)

Ибраев Серік Қонысбекұлы

8-701-707-92-21

8-7152-55-11-64

Шопанова Гүлжан Жұмашқызы

8-707-488-49-35

8-7152-55-11-60

4) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Ақмола облыстық өкілдігі (Көкшетау қ.)

Шалов Сәбит Темірұлы

8-701-795-09-98

8-7162-55-11-51

Шнаркевич Кристина Николаевна

8-702-153-45-31

8-7162-55-11-54

5) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігі (Өскемен қ.)

Кенжеғазин Нияз Кенжеғазыұлы

8-777-313-74-44

8-7232-56-06-57

 Квота алуға құқығы бар өтінім берушілердің 2020 жылғы сәуірге арналған алдын ала тізбесі

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии