Петиция 50 мың қол жинаса, Индустрия министрлігі кәдеге жарату және бастапқы тіркеу алымын жою немесе төмендету мүмкіндігін қарастыруға тиіс, деп хабарлайды World of NAN.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет импорттық ауыл шаруашылығы техникаларына субсидия беруді алып тастаған болатын. Мұндай шешім, сөзсіз, «отандық» жабдық құнының одан да жоғары өсуіне әкеледі. Ал сырттан әкелінетін құрал-жабдықтар алым түріндегі кедергілерге байланысты қымбат.
«Қытайда 260 ат күші бар тракторды алайық, оның құны 17,5 млн. Қазақстанға жеткізу 2,2 миллион теңгені, кедендік баж салығы 990 мың теңгені, кәдеге жарату төлемі 4,6 миллион теңгені құрайды. Бұл, әрине, ақылға қонымсыз алымдар», - деп атап өтті қоғам қайраткері Санжар Боқаев өзінің видеосында.
Естеріңізге сала кетейік, петицияға epetition.kz сайтында қол қоюға болады. Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭСҚ) пайдаланып, компьютер арқылы ғана қол қоюға болады. Сізде электронды қолтаңба болмаса, оны алу бойынша нұсқаулықты Egov.kz сайтынан табуға болады.
Петицияны мына сілтемеге өтіп таба аласыз.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение