Елорда басшылығы әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушімен делдалсыз байланыста болып, әкімшілік кедергілерді жоюға ниетті. Және сол тауар ұсынушылардың өнімдерін сақтау үшін төрт бірдей ірі көтерме-тарату орталығы жәнекөкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды World of NAN Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтің Instagram парақшасындағы хабарламасына сілтеме жасап.
Парақшада қала басышысы Ақмола облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен кездескенін жеткізді.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ең бастысы – қала тұрғындарына сапалы отандық азық-түлікті алу мүмкіндігін жасау. Ақмола облысының ауылшаруашылық, атап айтқанда сиыр және құс етін, сүт, жұмыртқа, т.б. өнімдерін өндірушілерімен кездестім. Осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдадым», – деп атап өтті қала әкімі.
Сондай-ақ, А.Көлгінов әрбір өндірушімен делдалсыз байланыста болуға дайын екенін жеткізді.
«Елорданың азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселе екені карантин кезінде білінді. Өнімді өндіріп қана қоймай, оны дұрыс сақтай білу де керек. Жеке инвесторлардың есебінен төрт бірдей ірі көтерме-тарату орталығының және көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы жүргізіліп жатыр.Отандық өндірушілерді қолдау аса маңызды», – деген елорда өз басшысы жазбасында.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение