Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте атқарушы билікке осындай тапсырманы берді. Осы жөнінде World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сонымен қатар қолжетімді бағадағы көкөністермен барынша қамту үшін өңірлерде жәрмеңкелер басталады. Осы ретте, сәуір айының екінші жартысынан бастап ерте импортық көкөністерді тұтыну басталатынын назарға ала отырып, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы оларды Өзбекстан мен Тәжікстаннан импорттау бойынша жұмыс жүргізетін болады. Атап айтқанда, қазақстандықтардың ерте көкөністерге қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ұсынылған көлем: картоп – 8,2 мың тонна (сәуір-маусым), пияз – 5 мың тонна, (мамыр-маусым).
Жалпы жыл басынан бері әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасының өсу динамикасы 0,2%-ды құрады. Өткен аптаның қорытындысы бойынша баға индексінің көрсеткіші тұрақты.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение