Мәзір

Су тасқыны: мал шығынын жергілікті әкімдіктер өтейді

03.04.2024
Су тасқыны: мал шығынын жергілікті әкімдіктер өтейді

Қазіргі сәтте жергілікті атқарушы органдар су тасқыны кезінде шығын болған мал санын есептеп жатыр. Бұл туралы World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Су басқан өңірлерде мал шығынын болдырмау мақсатында малды қауіпсіз жайылымға шығару жұмыстары ұйымдастырылды. Жедел деректер бойынша, 30 мың басқа жуық мал қауіпсіз жерге айдалды.

Сонымен бірге, қауіп төніп тұрғандықтан және су тасқынының күтілетін екінші толқынына байланысты жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды хабардар етіп, қауіпті аймақтардан малды алдын ала шығару шараларын қабылдап жатыр.

Су тасқыны салдарынан төтенше жағдай кезінде мал өлген жағдайда, өтемақы жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ басқа да көздерден төленетін болады.

Су басқан аумақтардан шығарылған малға жем-шөп жетіспеген жағдайда «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ шаруалардың өтініші бойынша төлемді кейінге қалдыру негізінде жем-шөп жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. Ол үшін облыстық штабқа хабарласу қажет.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии