Мәзір

Сібір жарасы бар мал қорымдарын су тасқыны шайып кетті

09.04.2024
Сібір жарасы бар мал қорымдарын су тасқыны шайып кетті

Су тасқыны сібір жарасының қорымдары мен мал қорымдарын шайып кетті. Бұл туралы World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл ретте шенеуніктер су басқан аймақтарда эпизоотиялық жағдай тұрақты деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, сібір жарасынан өлген соң жануар өртеу арқылы жойылып, күлі бетон саркофагке көміліп, оның айналасына дезинфекциялық заттар қойылады.

Қорымдар герметикалық жабылған, бұл жерлерде споралардың болуына жыл сайынғы мониторинг әлі күнге дейін жер бетіне шыққан споралардың бірде-бір жағдайын анықтаған жоқ.

Су басқан жерлерден су тартылған соң, осы жерлеу орындарынан да топырақ үлгілері алынады. Осы мақсатта тиісті мамандар аталмыш аймақтарды аралап, сынама алып жатыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии