Мәзір

Үндістанда астықтың сабанынан тақта мен қаптама шығара бастады

17.07.2024
Үндістанда астықтың сабанынан тақта мен қаптама шығара бастады

Үндістандық компания ауылшаруашылық дақылдарының қалдықтарын тақтайшалар мен орауыш пластмассаға балама етіп қайта өңдей бастады, деп хабарлайды World of NAN.

Craste компаниясы күріш, тары, қант құрағы мен арпаның қалдықтарын өңдейді. Идея сабанды жағып жіберудің экологиялық проблемасынан туындады. Қайта егіс қарсаңында егіс алқабын тез арада қоқыстан тазарту үшін фермерлер оны өртеп жіберуі керек еді.

«Менің тұрақты материалдармен жұмыс істеу тәжірибем бар, сондықтан осы қалдықтарды егін жинағаннан кейін қайта өңдеу идеясы қызықтырды», - деді компанияның негізін қалаушы Шубхам Сингх.

Оның идеясын бірқатар ұйымдар қолдады, жақын арада Үндістанда 10 шағын зауыт ашу жоспарлануда. Елде жыл сайын орта есеппен 500 миллион тонна ауыл шаруашылығы қалдықтары шығарылатындықтан, бизнестің болашағы жарқын.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии