Мәзір

Заңға түкіргені бар: Қазфосфат өнімнің бағасын көтерген

03.05.2024
Заңға түкіргені бар: Қазфосфат өнімнің бағасын көтерген

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тұтынушылардың өтініші бойынша «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты басталған тексеруді аяқтады. Бұл жөнінде World of NAN агенттікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталған кәсіпорынның қызметін талдау барысында сұйық оттегінің монополиялық жоғары бағасын белгілеуге байланысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Бұл факт бәсекелестік нарық негіздерін бұзу болып саналады және ел тұтынушыларының мүдделеріне қайшы келеді.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «Казфосфат» ЖШС Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған қаулы шығарылды. Кәсіпорынға 1 203 300 теңге әкімшілік айыппұл салынып, 8 344 170 теңге монополиялық кіріс тәркіленді.

Естеріңізге сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігі тыңайтқыштарды субсидиялау жүйесін өзгерткен еді. Енді субсидия жергілікті өндірушіге беріледі. ЖШС-тің жосықсыз әрекетін ескерер болсақ, фермерлер қырағы болуы керек, өйткені компания бағаны негізсіз көтеруі мүмкін.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии