Жыл сайын елорда мен Алматыда мыңдаған фермер қатысатын ірі ауыл шаруашылығы көрмелері өтеді. Дегенмен еліміздегі фермерлердің барлығының оларға қатысуға мүмкіндігі бола бермей, өңірлерде де көрме өткізуін сұрайды. World of NAN журналисі неге мұндай тәжірибенің әзірге мүмкін еместігін зерттеді.
Ауыл шаруашылығы көрмелері, ең алдымен, фермерлер мен техника, құрал-жабдықтар, тыңайтқыштар және т.б. дилерлер арасында байланыс орнатуға бағытталған. Көрмелердің фермер үшін басты артықшылығы – бір уақытта тауарлардың үлкен таңдауына қол жеткізу және мамандармен тікелей кеңесу. Сонымен қатар, мұндай жерде сіз көптеген серіктес пен ауқымды білім қорын таба аласыз. Сондықтан ауылшаруашылық көрмесі барлық фермер үшін бірегей әрі пайдалы шара болып есептеледі.
Мұндай шаралар Қазақстанның әр аймағына қажет. Неліктен олар сонда өткізілмейтінін ExpoGroup директоры және «KazAgro/KazFarm» еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы көрмесінің ұйымдастырушысы Шолпан Қожабаева түсіндіріп берді.
«Көрмені ұйымдастыру үшін тиісті инфрақұрылым болуы керек. Өкінішке қарай, барлық облыста, тіпті ірі қалаларда көрмені өткізуге арналған орындар жоқ. Кейбір жерде тіпті жоғары санатты қонақүйлер жоқ. Ал біз ұйымдастырушылар ретінде қатысушыларымызға тиісті жағдай жасауға міндеттіміз. Әрине, қалаймыз, бірақ біз аймақтарда көрме өткізуге әлі дайын емеспіз», — деп түсіндірді Шолпан Қожабаева.
Оның айтуынша, Астананың өзінде «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығы көрмеге келушілерді түгелдей сыйдыра бермейді. Көрмені сыртта өткізген жөн емес, өйткені іс-шараны ауа-райының қолайсыздығы бұзуы мүмкін.
«Қазақстанның аграрлық державаға айналуына барлық мүмкіндік бар. Сондықтан сіздің көрме бизнесіңіз ауыл шаруашылығына басымдық беруі керек. Өйткені бұл дамуға қосымша серпін береді», - деп атап өтті ExpoGroup директоры.
Айта кетерлігі, ұйымдастырушылар аймақтарды қамтуға дайын, бірақ ол жақта тиісті инфрақұрылым болмаса, бұл мүмкін емес. Сондықтан билік саланы дамытқысы келсе, осы мәселені ойластырғаны жөн.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение