Мәзір

Фермер қойма тұрғызуға миллиард теңгеден астам қаржы құйды

08.12.2023
Фермер қойма тұрғызуға миллиард теңгеден астам қаржы құйды

Жетісу облысының Панфилов ауданында фермер сыйымдылығы 7 мың тонналық көкөніс пен жеміс-жидек қоймасын салып жатыр, қоймалар жергілікті шаруа қожалықтарының өнімдерін сақтау үшін қабылдауға дайын. Бұл жөнінде World of NAN порталы жергілікті әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жоба «Валиев А.» шаруа қожалығының базасында жүзеге асырылып жатыр. Сақтау сыйымдылығы 7 мың тонна, оның ішінде мың тонналық тоңазытқыш қоймасы бар. Жобаның бірінші кезеңінде 250 миллион теңге инвестиция тартылса, екінші кезеңде шамамен 780 миллион теңге инвестициялау жоспарланып отыр.

«Жаңа технологияларды пайдалана отырып, кез келген өнімді сақтау үшін 12 заманауи тоңазытқыш камерасын орнаттық. Алдағы уақытта жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеуді жолға қоямыз. Әзірге жергілікті шаруа қожалықтарынан көкөніс пен жеміс-жидектерді сақтауға қабылдап, өз қаражатымызға сатып алып, қоймада сақтаулы тұрған өнімді өткізуге дайынбыз», - дейді қожалық басшысы Аюпжан Валиев.

Егін жинау кезеңінде әрбір шаруаның алдында көкөністер мен жемістерді сақтау және өткізу мәселесі туындайды. Сондықтан, кәсіпкер мұндай өзекті мәселені шешудің өзіндік жолын ұсынып отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии