Премьер-министр шетелден импортталатын және Қазақстанда аналогтары бар ауыл шаруашылық техникасына берілетін субсидияны 25%-дан – 15%-ға төмендетуді тапсырды, деп премьер-министрдің баспасөз қызметіне сүйене отырып World of NAN хабарлайды.
Смайыловтың айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тозуы шамамен 76%-ды құрайды. Өткен жылы отандық кәсіпорындар 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын өндірді. Алайда бұл – жеткіліксіз.
«Дихандарға жаңа техника қажет! Сондықтан өндіріс қарқынын арттыру қажет. Ол үшін бізде барлық қажетті құралдар мен мүмкіндіктер бар», — деді премьер-министр.
Смайылов машина жасау саласын одан әрі дамыту үшін бес жылдық Кешенді жоспар әзірленіп жатқанын еске салды. Оны іске асыру машина жасау саласындағы өндірісті 2 еседен аса, экспорт көлемін 3 есе, негізгі капиталға тартылған инвестицияларды 1,5 есе арттыруға, сондай-ақ еңбек өнімділігін екі есе арттыруға мүмкіндік береді.
Премьер-министр қысқа мерзімде Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарын келісуді, Халықаралық мұнай-газ машина жасау орталығының тиімділігін арттыруды, сондай-ақ Қазақстанда аналогтары бар импорттық ауыл шаруашылығы техникасына инвестициялық субсидия беру мөлшерлемесін 25%-дан 15%-ға дейін төмендету мәселесін пысықтауды тапсырды.
Осыған дейін Мәжілістің Аграрлық істер бойынша комитеті Қазақстанда аналогы шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының импортына берілетін субсидиядан түбегейлі бас тартуды ұсынған болатын. Олар мұның себебін отандық машина құрастыру өнеркәсібін қолдаумен түсіндірді. Кейінірек депутаттар үкіметтен ұсынысты қараусыз қалдыруын сұрап, құжатты қайтарып алды.
Мәжіліс депутаттарының мұндай ұсынысы фермерлер тарапынан қатаң сынға ұшыраған еді. Олар Қазақстанда жасалатын ауыл шаруашылық техникалары жоқ екенін және елімізде бірнеше құрастыру зауыты ғана жұмыс істейтінін алға тартты. Фермерлер мұндай шешімнің ауыл шаруашылығы техникасын таңдауды шектеуге апаратынын, нарықтағы бәсекелестікке әсер ететінін айтты.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение