Мәзір

Ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекеттік қызметкерлер көмегімен субсидияны жымқырып келген

07.03.2024
Ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекеттік қызметкерлер көмегімен субсидияны жымқырып келген

Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторинг департаменті «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС ет өңдеу кәсіпорнының директоры бастаған ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы World of NAN департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бір топ адам ұзақ уақыт бойы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» Ұлттық жобасын іске асыру аясында мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, залал келтірген. Мемлекетке 3 млрд теңгеден астам сомаға шығын келтірілді, оның 107 млн ​​теңгесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өтелді, күдіктілердің 3,1 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды.

Қылмыстық схемаға барлығы 49 адам тартылған, оның ішінде 13 ұйымдасқан топ мүшелері, оларға субсидияларды заңсыз иемдену, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, лауазымды тұлғаларға пара беру және жалған құжат жасау сияқты айыптар тағылған.

Сондай-ақ ұйымдасқан топтың жетекшісі бақылауындағы компанияның қызметіне салықтық тексеріс жүргізген мемлекеттік қызметкерге қатысты күш қолданды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар іс бойынша Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарындағы 30 шаруа қожалықтарының басшылары мен өкілдері күдікке ілінген. Одан бөлек сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аясында «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің 3 лауазымды тұлғасына қатысты іс қозғалды, олар ақша жымқыру және пара алу фактілеріне қатысы бар деген күдікке ілінді. 7 мал дәрігері жалған құжат жасағаны, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізгені, заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары тексерілуде.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии