Мәзір

Президент азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жасанды интеллектінің рөліне тоқталды

28.03.2024
Президент азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жасанды интеллектінің рөліне тоқталды

Мемлекет басшысы Боао Азия форумында сөйлеген сөзінде әлемдегі және Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігінің ахуалына, Қытаймен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастыққа тоқталды. Бұл туралы World of NAN Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Орталық Азияда бидай өндіру бойынша жетекші ел саналатын Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін жаһандық азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдалануға ниетті. Біз мақсатты бағдарламалар жасау, бірлескен агроинновациялық орталықтар құру және инновациялық технологиялар трансферті арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға тиіспіз. Ол үшін күш жұмылдыруымыз керек», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азия елдері арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастықты кеңейтудің стратегиялық маңыздылығын да атап өтті.

«Қолданыстағы және жаңа көлік бағыттарын дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсау аса маңызды. Транскаспий халықаралық көлік бағыты немесе «Орта дәліз» осы санатқа жатады. Аталған көлік бағдары Азия мен Еуропа арасындағы жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін әлдеқайда тиімді қамтамасыз етеді. Былтыр осы бағыттағы жүк тасымалы екі есе артып, 3 миллион тоннаға жетті. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш 10 миллион тоннаға жетеді деген болжам жасап отырмыз. Сондай-ақ Қазақстан «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін дамытуда көрші елдермен ынтымақтастық орнатуға дайын», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті жаһандық экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ету үшін технологиялық ынтымақтастықты, әсіресе, жасанды интеллект (AI) саласындағы ықпалдастықты нығайту маңызды деп санайды. Бұл орайда Президент Қытайдың «Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі жаһандық бастамасын» қолдады.

Сондай-ақ Қазақстан бірлескен инновациялық IT-жобаларды жүзеге асыру мақсатында Азияның жетекші технологиялық алпауыттарымен серіктестік орнатуға мүдделі екенін мәлімдеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии